1

КІРУ

Ата-аналарға ақпарат

Балаларды тәрбиелеудегі ата аналарға ұсыныс

  • Балаңыздың ешкімге ұқсамайтындығына, басқа балалардан тым ерекше екендігіне, және сіздің түп нұсқаңыз еместігіне сеніңіз.Сондықтан өзіңіз құрастырған өмірлік бағдарламаның және мақсаттарыңыздың орындауын талап етпеңіз. Оған өз өмірін өздігінен сүруге мүмкіндік беріңіз.
  • Балаңыздың қуатты қасиеттеріне мән беріңіз.
    • Балаңызға деген ыстық сезіміңізді білдіруден ұялмаңыз, оны әр қашан және кез келген жағдайда сүйетіңізді білдіртіңіз.
    • Балаңызды алдыңа алыңыз, мадақтау ретінде сүйіспеншілігіңізді білдіртіңіз.
    • Сіздің ыстық сезіміңіз балаңызға барлығына рұқсат берушілік пен көңілбөлмеушілікке айналмасын. Нақты шектер мен тыйымдарды орнатыңыз. Қойылған шектер мен рұқсаттарды қатаң сақтаңыз.
    • Жазалар қолдануға асықпаңыз.
    • Балаларға өтініш арқылы әсер етуге тырысыңыз.

Егер бала ашық түрде бағынбауды білдіртсе, онда жазалау туралы ойлануға болады.

Жаза баланың істеген қылығына сәйкес болуы керек, бала нақты не үшін жазаланғанын нақты білу керек.

  • Баланың жүрегіне жол ойын арқылы жететіндігі туралы ұмытпаңыз. Ойын арқылы өздеріңді жақсы түсіну үшін керекті дағдылар мен білімдерді жеткізуге болады.
  • Балаңызбен жиі сөйлесіңіз, қойылған шектердің мағынасын түсіндіріңдер.
  • Балаңыздың психикалық денсаулығы сіздің қолыңызда. Көп жағдайда өз сүйіспеншілігіңізге сүйеніңіз.
  • Үлкендердің балаларға деген қарым қатынасы оның балалық тәрбиесіне ғана емес, сонымен қатар оның психикалық денсаулығына да әсер етеді.
  • Бізге, ересек адамдарға, балалар бізбен қарым қатынас жасаған кезде өздерін және басқаларды бағалай алатын сезімдерінің, сонымен қатар біреудің қайғысына ортақ болу, біреу үшін қуану ерекше қасиеттері пайда болады. Баламен қарым қатынас жасаған кезде сіздің сөзіңіз ғана дұрыс деген тұжырым қолданбаңыз, себебі қарым қатынастың негізі бұл бір біріңді түсіну.